Жүлде қоры

Nikon фотоаппараты

1-орын

Samsung фотоаппараты

2-орын

SVEN PRO құлаққабы

3-орын
Сұрақ-жауап

Жиі қойылатын сұрақтар

Кім қатыса алады?

Байқауға ХҚТУ-дың кез келген студенті қатыса алады.

Фотоға қойылатын талап қандай?

Фотобайқауға қатысушы үміткер ең кемінде жалпы саны 2 сурет жібере алады (әр тақырып бойынша 3 суреттен артық емес). Монтаж жасалған фото қыблданбайды.

Қандай фото түсіру қажет?

«Қас-қағым сәт»: кездейсоқ түсірілген және қайталана бермейтін кадрлар;
«Табиғат тылсымы», табиғаттың ерекше туындыларын түсіру;
«Түймедейді түйедей...» Макро түсірілімдер.

Фотоларды қайда жіберу керек?

Фотоларды және қатысу анкетасын толтырып, photo2018ayu@mail.ru поштасына жіберіңіз.

Жеңімпаз қашан анықталады?

27-сәуір күні, сағат 15:00де. Кітапхананың конф.залында

Ұйымдастырушы кім?

"Қоғамдық ғылымдар және журналистика" кафедрасы мен "Кино және Фото" клубы

«ҚАС ҚАҒЫМ СӘТ» атты студенттердің фотобайқауы туралы ереже

  1.Жалпы ережелер

  • Ереже студенттердің фотобайқауының мақсаттары мен міндеттерін, өткізу тәртібін белгілейді.
  • Студенттердің фотобайқауы «Қоғамдық ғылымдар және журналистика кафедрасы» мен «Кино және фото клубы» бірлесе отырып «Рухани жаңғыру» жобасын жүзеге асыру аясында өткізіледі.
  • Байқаудың ұйымдастырушылары «Қоғамдық ғылымдар және журналистика» кафедрасы мен «Кино және фото клубы».
2.Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:
  • Студенттердің бойында азаматтық және отаншылдық сезімдерін одан әрі ояту, өз қалалары мен оқу орнының тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу;
  • Туған қаласы мен университетіне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін фотоөнер арқылы білдіруге мүмкіндік беру;
  • Студенттердің эстетикалық талғамын қалыптастыру;
  • Жас ұрпақтың шығармашылық белсенділігін қолдау;
  • Фотосурет саласында кәсіби және көркемөнер шығармашылығын дамыту және насихаттауға ықпал жасау.
3.Байқауды өткізу мерзімі: 04-27 сәуір 2018 ж.  4.Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі Байқау екі кезеңде өтеді.
  • 1 кезең (04-24 сәуір аралығы): Ережені әзірлеу және жариялау; университеттің оқу ғимараттары, кітапхана және жатақхана ғимараттарының хабарландыру тақтасына ілу. Байқау ережесін университет (ayu.edu.kz) және ХҚТУ журналистерінің сайтынан (ayu-media.kz/photo2018) танысуға болады.
  • 2 кезең (24-27 сәуір аралығы): байқаудың қазылар алқасының жұмысы, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.
4.1.Фотобайқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
  • «Қас-қағым сәт»: кездейсоқ түсірілген және қайталана бермейтін кадрлар;
  • «Табиғат тылсымы», табиғаттың ерекше туындыларын түсіру
  • «Түймедейді түйедей...» Макро түсірілімдер
Фотобайқауға қатысушы үміткер үш тақырыпты қоса есептегенде ең кемінде жалпы саны 2 сурет жібере алады (әр тақырып бойынша 3 суреттен артық емес).
4.2.Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:
  • Фотобайқауға мәлімделген тақырып бойынша авторлық фотожұмыстар қабылданады;
  • Фотобайқауға қатысушыға жатпайтын жұмыстарды пайдалануға тыйым салынады;
  • Бір суретті бірнеше номинацияда пайдалануға болмайды;
  • Фотобайқауға азаматтардың ар-ожданына нұқсан келтірмейтін, ҚР-сының және ҚАР-сының заңдарына, сонымен қатар əдет-ғұрып нормаларына қайшы келмейтін фотосуреттер қабылданады;
  • Фотобайқауға зорлық-зомбылық, нәсілдік және діни шыдамсыздық элементтері бар жұмыстар қабылданбайды;
  • Материалдар электрондық түрде «Қас қағым сәт» фотобайқауы белгісімен қабылданады;
  • Жұмыстармен бірге сауалнама-өтінім берілуі тиіс, ондай өтінімде мыналар көрсетілуі тиіс: толық аты-жөні, курсы, мекен-жайы, байланыс телефоны, автордың оқитын факултеті мен мамандығы, жұмыстың атауы.
Электрондық түрдегі суреттерге қойылатын талаптар:
  • Сапасы жоғары (2480х3508 px. кем емес), файл форматы jpg;
  • Фотобайқауға компьютерлік графика қабылданбайды;
  • Интернет жүйесінен көшірілген, дайын үлгілер пайдаланылып жасалған фотосуреттер қарастырылмайды.
  • Ақ-қара түспен түсірілген суреттерде қабылданады.
4.3. Фотобайқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
  • ХҚТУ студенті болу керек;
  • Фотобайқауға фотосуреттердің авторы ғана қатыса алады;
5.Ұйымдастыру комитеті және байқаудың қазылар алқасы
  • Байқаудың ұйымдастыру жұмыстарын Байқаудың қазылар алқасының қызметін атқаратын Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
  • Ұйымдастыру комитеті ұсынылған материалдарға талдау жасап, бағалап, ең үздік материалдарды анықтайды және Фотобайқаудың жеңімпаздарын марапаттауды ұйымдастырады.
  • Ұйымдастыру комитеті қосымша номинацияларды, арнайы жүлделерді, ынталандыру дипломдарын жариялай алады.
5.1. Бағалау өлшемдері
  • Суреттің түпнұсқалығы;
  • Ойлау креативтілігі, ерекшелігі;
  • Суретттің анық бейнелілігі
  • жұмыс тақырыпқа сай келуі тиіс
  • ерекше ракурс;
  • фотосуреттің шеберлігі арқылы тақырыпты ашу, композицияны жасау;
  • жұмыстың көркемдік және техникалық сапасы;
  • жалпы қабылдануы.
6.Байланыстар
  • Фотобайқаудың үйлестірушісі:
  • «Қоғамдық ғылымдар және журналистика кафедрасы» мен «Кино және фото клубы»
  • Байланыс телефондары: 8 701 552 15 03
  • e-mail: photo2018ayu@mail.ru
7.Марапаттау Жүлде қорын қаржыландыруды байқаудың ұйымдастыру комитеті қамтамасыз етеді. Жеңімпаздар бірыңғай үлгідегі дипломдармен, мақтау қағаздарымен, бағалы жүлделермен марапатталады. Қазылар алқасының шешімімен байқауда айрықша көзге түскен қатысушылар (автордың түпкі ойын бейнелі түрде көрсеткендер) арнайы дипломдармен марапатталады. Байқаудың қорытындылары бойынша жеңімпаздар туралы ақпарат университет сайтында, Ясауи университеті газетінде және әлеуметтік ғылымдар факультеті сайтында сайттарында жарияланады.  

Байланыс

Байқауға қатысу үшін поштаға анкета мен фотоларды толтырып жіберіңіз

4-24 сәуір

Байқауға фото жұмыстарды қабылдау уақыты

27 сәуір

Жеңімпазды анықтау